Қазақстанда ең жиі кездесетін фамилиялар қандай?
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Фото: egov.kz
Фото: egov.kz
22.12.2022 14:41
3031
Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов (а). Ол 66 091 адамда кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші позицияда — Омаров (а) тегі.
Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар.
Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142.
ТОП 5-те, сондай-ақ Әлиев(а) тегі бар, Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387.
Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиялары бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Наурызда жер бетінде күшті магниттік дауыл болуы мүмкін