Қазақстанда ең төменгі жалақы қалай өзгерді
Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептік көрсеткіштер мөлшері өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АЕК жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қолданылады.
Сонымен қатар, АЕК мыналар үшін қажет:
- салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу;
- айыппұлдар мен басқа да санкциялардың мөлшерін анықтау.
Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК 6,1 пайызға – 240 теңгеге өсті.
АЕК-тен басқа, республикалық бюджет туралы заңда базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі жалақы (ЕЖТ), ең төменгі зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге;
Ең төменгі жалақы (ТЖМ) – 85 000 теңге.