Жаңалықтар

Қазақстанда ең көп жалақы берілетін салалар анықталды

Қазақстанда ең көп жалақы берілетін салалар анықталды
Фото: ©El.kz/Нұркен АЛИШЕВ 31.03.2025 15:35 415

Ұлттық статистика бюросы жалдамалы жұмысшылардың жалақасына қатысты мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бюро дерегінше, ең көп жалақы тіркелген салалар:

Ақпарат және байланыс – 809 564 теңге;

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 856 521 теңге;

Қаржы және сақтандыру қызметі – 890 573 теңге.

Ал ең төменгі жалақы – қонақүй және тамақтану қызметін көрсететін салада: 258 775 теңге.

Өңірлер бойынша көрсеткіш мынадай:

Атырау облысы – 593 653 теңге;

Ұлытау облысы – 582 943 теңге;

Маңғыстау облысы – 564 014 теңге.

Үш мегаполистегі көрсеткіш мынадай:

Астана – 548 579 теңге;

Алматы – 533 365 теңге;

Шымкент – 303 924 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға