Жаңалықтар

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com 26.07.2024 09:26 370

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 шілдеде еліміздің 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, шығыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Шымкентте күндіз 41 градус қатты ыстық болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 26 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға