Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий ұзартылады
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
24.11.2022 07:38
1329
Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Мораторийді ұзартуға қатысты шешім дайындадық, Мемлекет басшысы оны қабылдады. Осылайша, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. ШОБ субъектісі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болса, мемлекет оның қызметін тексеруге құқылы», деді деді Әлібек Қуантыров.
Айта кетсек, тиісті мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Оның қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы тиіс еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Ақтөбе әкімі лауазымын сатқан алаяқтар сотталды
Келесі жаңалық
Ертең Алматыда 6 балдық жер сілкінісі болатыны рас па