Жаңалықтар

Қазақстанда биыл қанша жұп некелесті?

Қазақстанда биыл қанша жұп некелесті?
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.05.2024 18:23 591

Соңғы 10 айда Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелген. Ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қаласы көш бастап тұр. Сонымен қатар 2023 жылдың шілдесінен бері елімізде 328 мың бала өмірге келген.

Қазақстанда биыл қанша жұп некелесті?

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарланған. Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда жоба ауқымы кеңейеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға