Жаңалықтар

Қазақстанда биыл өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан 221 адам көз жұмды

Қазақстанда биыл өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан 221 адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.12.2023 05:24 1190

Елімізде бір жылда өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан 1195 адам зардап шеккен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Костенко апатында 46 адам көз жұмды. Статистикаға қарасақ, елімізде бір жылда өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан 1195 адам зардап шеккен, 221 адам өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан қаза тапты. Мұндай жағдайлар елімізде болмау үшін барлық мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеуі керек. Біз өзіміздің министрлік тарапынан Президент тапсырмасына сәйкес, қауіпті жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің жағдайын жасау тұжырымдамасын әзірледік, - деді министр Jibek joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында.

Тұжырымдама бойынша, Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Мәселен, бұзушылықтар орын алса, нысандарды алдын ала ескертпей тексеру мүмкіндігі болады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге 55 жастан кейін 208 мың теңгеге дейін қосымша ақы төленеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға