Жаңалықтар

Қазақстанда биыл 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды

Қазақстанда биыл 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды
Фото: t.me/KZgovernment 29.10.2024 10:46 356

Автомобиль жасауды дамыту компоненттік база өндірісін тереңдету локализациялау және игеру есебінен жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды. Шағын торапты құрастыру техникасының өндірісін ұлғайтуға баса назар аударылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.

Секторда бірлескен кәсіпорындар құрылады, ел аумағында жаңа зауыттар салуға өз қаражатын салуға дайын инвесторлар келуде.

Мәселен, CHANGAN, HAVAL, CHERY автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, оның өндірісі толығымен шағын торапты құрастыруға негізделген. Қуаты – 90 мың бірлік. KIA автомобиль өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Инвестиция сомасы $200 млн. $150 млн сомасына Geely, Exceed, KAIYI жеңіл автомобильдерін өндіру бойынша жоба іске қосылды.

Секторды одан әрі дамыту локализацияны тереңдету және компоненттік база өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелер мен автокреслолардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға