Жаңалықтар

Қазақстанда биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

Қазақстанда биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ
Фото: © Pixabay.com 05.02.2024 15:03 2605

Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды.

Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды.

Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.

Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтілуде.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасуда. Бұл экономиканың барлық салаларына қатысты.

2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба іске қосылды.

2024 жылы жалпы сомасы 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралады, туындайтын барлық мәселелер жеке қаралып, шешілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға