Қазақстанда биыл 100 мыңға жуық автокөлік шығарылды

Фото: © El.kz Миражан/МАХАН
Фото: © El.kz Миражан/МАХАН
25.09.2023 13:25
711
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Иннопром. Қазақстан-2023» форумында Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі қарқынды дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылы салаға рекордтық 500 млн доллар тікелей инвестиция тартылған.
Биылғы бірінші тоқсанда тікелей инвестиция көлемі 4 есе артып, 208 миллион доллардан асты. Автокөлік өнеркәсібінде өткен жылы өндіріс көлемі 113 мың бірлікті құрап, 22,2 пайызға өсті. Биыл 41 пайыз өсіммен 100 мыңға жуық дана шығарылды. Құны 1 триллион теңгеден асады, - деді премьер-министр.
Айта кетейік, елордада тұңғыш рет «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Азия ойындары: Қоржынға үшінші жүлде түсті