Жаңалықтар

Қазақстанда білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу жоспарлануда

Қазақстанда білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу жоспарлануда
Фото: pixabay.com 19.11.2024 12:29 345

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді, — деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрлігі тамақтану сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдады, тиісті нормативтік құқықтық талаптар бекітілді.

Оның ішінде:

  1. Білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормалары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес қайта қаралды.
  2. Тамақтану сапасына бракераж комиссияларының күнделікті мониторинг жүргізуі және ведомствоаралық сарапшылық топтың ұдайы бақылауы енгізілді.
  3. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді.
  4. Аспаздар біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді.
  5. Ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді.
  6. 6«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізілуде.
  7. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленіп, 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға