Қазақстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
21.12.2024 18:10
178
2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда есірткі зертханасынан 6 келіден астам мефедрон табылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады