Жаңалықтар

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі
Фото: t.me/KZgovernment 19.02.2025 10:31 276

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында Қазақстанның авиация саласының цифрлық трансформациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ірі жобалары шеңберінде дамып жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, «E-freight» жүк тасымалдарында электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді. Еліміздің әуежайларында жолаушыларға қағаз құжаттарын көрсетпей-ақ тіркеуден және бақылаудан өтуге мүмкіндік беретін «E-doc-airport» электрондық жеке куәлік жүйесі белсенді қолданылуда.

Жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру, ұшақтың ұшу уақытын және отын шығынын азайту үшін бағыттарды оңтайландыру және рейстердің кешігуі кезінде цифрлық сақтандыру қызметі сияқты инновациялар іске асырылу сатысында. Бұл авиабилеттерді сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға