Жаңалықтар

Қазақстанда әрбір сегізінші оқушы кибербуллингке ұшырайды

Қазақстанда әрбір сегізінші оқушы кибербуллингке ұшырайды
Фото: ©Pixabay.com 28.03.2024 08:35 754

Бұған HBSC-тің «мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» халықаралық зерттеуінің деректері дәлел, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлдар (14%) қыздарға қарағанда кибербуллингке ұшырайтынын жиірек хабарлаған (8%). Қазақстандық жасөспірімдердің 13%-ы (шамамен 8-ден 1-і) кибербуллингке тап болған, бұл ретте ұлдар арасындағы көрсеткіш қыздарға қарағанда (12%) жоғары (15%), - делінген зерттеуде.

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы қазіргі таңда 44 елдегі, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы жасөспірімдер арасында құрдастары жағынан көрсетілетін зорлық-зомбылық және буллинг тақырыбы бойынша «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеуі жөнінде екінші баяндама жасады.

Мектептегі жалпы буллинг үрдістері 2018 жылдан бері тұрақты болып келе жатқанымен, кибербуллинг цифрлық ортада жастардың өзара әрекеттесуінің артуы арқылы күшейе түсті, бұл жасөспірімдердің өміріне қатты әсер етеді.

Қазақстанда 2022 жылы ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік офисінің қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы HSBC зерттеуін жүргізді. Қазақстан бойынша негізгі деректерді келтіреміз:

  • Мектептегі буллинг - орта есеппен 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5%-ы мектепте буллингке қатысады. Мұндай мінез-құлық қыздарға (4%) қарағанда ұлдар (6%) арасында жиі кездеседі.
  • Жасөспірімдердің шамамен 7%-ы мектепте буллингке ұшырайды, ұлдар мен қыздар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
  • Әлеуметтік теңсіздік - табысы төмен отбасылардағы жасөспірімдермен салыстырғанда, табысы жоғары отбасылардағы жасөспірімдер өздерінің құрдастарының буллингі мен кибербуллингіне жиі ұшырайды.
  • Төбелесу - әрбір он үшінші жасөспірім төбелеске қатысады. Ұлдардың 12%-ы және қыздардың 4%-ы төбелеске қатысады.

Гендерлік үрдістер мен шешімдер

Алынған нәтижелер қорқыту кезіндегі гендерлік айырмашылықтарды көрсетеді. Ұлдар агрессияға және төбелесуге өте бейім келеді, бұл эмоцияларын реттеуге және әлеуметтік өзара іс-қимылға бағытталған араласудың шұғыл қажеттілігін көрсетеді.

Кибербуллинг: күшейіп келе жатқан проблема

Кибербуллинг мектеп қабырғасынан тыс жерде жасөспірімдерге үлкен проблема туғызады, олардың отбасы мен жеке өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етеді. 2018-2022 жылдар аралығындағы соңғы деректер әлемдегі жасөспірімдер арасында кибербуллингтің көбейгенін айғақтайды.

Жасөспірімдер интернетте көбірек уақыт өткізетіндіктен, бұл сандар цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін педагогтардың, ата-аналардың, қоғамдық көшбасшылардың және саясаткерлердің қатысуымен араласудың шұғыл қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қатар мектептердегі буллинг әлі де көп және жасөспірімдер арасында, 11 жастағы кішкентай балалар арасында жиі кездеседі, - деп атап өтті ҚДСҰО басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова. – Жасөспірімдердің ортасында буллинг пен кибербуллинг үлкен проблема болып отыр, бұл балалардың психикалық және эмоционалдық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір оқушы өзін қорғалған және құрметті сезінетін мектептерде, отбасында, қоғамда қауіпсіз және қолдайтын орта құру маңызды.

Кибербуллинг жасөспірімдердің өміріне және олардың отбасыларына – тән жазасынан суицидке дейін өте қатты әсер етуі мүмкін. Бұл – денсаулық сақтау саласы үшін де, адам құқықтары үшін де проблема, және біз балаларымызды онлайн және офлайн ортада зорлық-зомбылықтан қорғау үшін алға қарай қадам жасауымыз керек, - деп атап өтті ДДҰ Елдік офисінің басшысы Скендер Сыла.

Баяндамада барлық деңгейдегі мүдделі тараптарға Еуропада, Орталық Азияда және Канадада жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құнды ұсынымдар ұсынылады.

Құрдастарының жағынан көрсетілетін зорлық-зомбылыққа және буллингке қарсы күрес бойынша ғылыми негізделген іс-шараларға инвестиция салу жасөспірімдердің әл-ауқатына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан пайда келтіреді, оның ішінде психикалық денсаулық мәселелеріне байланысты денсаулықты сақтауға жұмсалатын шығындарды азайту және білім беру нәтижелерін жақсарту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға