Қазақстанда әр екінші неке ажырасумен аяқталады

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
21.04.2025 16:03
126
Елімізде ажырасу көрсеткіші жылдан жылға өсіп келеді. Былтыр 61 мың неке бұзылып, 124 мың жаңа неке тіркелген. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілістегі үкімет сағатында ол ажырасуға көбінесе ата-ана ретінде жауапкершіліктен бас тарту мен алимент төлемеу себеп болатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл – отбасылық құндылықтардың дағдарысқа ұшырауының салдары.
Бұрын халқымызға тән болған құндылықтар жойылып барады. Статистикаға сүйенсек, өкінішке қарай, әр екінші неке ажырасумен аяқталады. Соның салдарынан ең алдымен отбасы, әсіресе балалар зардап шегеді, — деді министр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді
Келесі жаңалық
Қант диабетінің емі қандай?