Жаңалықтар

Қазақстанда АӨК қаржыландыру көлемі ұлғайды

Қазақстанда АӨК қаржыландыру көлемі ұлғайды
Фото: ОКҚ 24.08.2024 18:34 430

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аграрлық саланы қаржыландыру және АӨК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спикер Үкіметтің қолдауымен егіс және егін жинау жұмыстарына жылдық 5% - бен 580 млрд. теңге қарастырылғанын хабарлады. Оның 100 млрд. теңгесі жеңілдікті лизингке жіберілді. 2025 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын 5% жеңілдікпен қаржыландыру жалғастырылады. Кепілдердің болмауы мәселесін шешу мақсатында, оның ішінде кредиттердің ұзартылуына байланысты, "Даму" Қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігі енгізілді, ол қарыз сомасының 85% кепілдікпен жабуға мүмкіндік береді.

Президенттің ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 8-10% -ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "ҚазАгроҚаржы" АҚ үшін жылдық 5% мөлшерлеме бойынша кейіннен техниканы лизингке ұсыну үшін қосымша 100 млрд.теңге тарту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл көлемдер кейінгі жылдары 450 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Ербол Тасжуреков фермерлердің жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша лизингке техниканы сатып алып қана қоймай, кейіннен инвестициялық субсидиялау тетігі шеңберінде 30% өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы өңделген өнімнің үлесін өндірілетін шикізаттың 70% - на дейін ұлғайту міндетін қойды. Осыған байланысты ағымдағы жылы Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдады. Жақын арада жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады, оған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады. 5%-бен несиеалып олар отандық шикізатты сатып алу үшін пайдалана алады. Бүгінгі таңда осы мақсаттарға алғашқы 30 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталуда",-деді вице-министр.

2025 жылдан бастап қаржы институттарын тікелей субсидиялау басталады, онда АӨК субъектісі субсидиялар алу қажеттілігінсіз бірден арзандатылған кредит алады. Өңдеуші кәсіпорындар бұл қаражатты айналым қаражатын сатып алуға пайдалана алады.

ӘКК арқылы СҚО тәжірибесін тираждау жөніндегі бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы 100 млрд теңге бөлініп, 65 сүт-тауар фермасы қаржыландырылды. Бұл жылына 373 мың тонна сүт өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2024 жылы 79 инвестициялық жобаны іске асыруға 100 млрд. теңге қарастырылған.

Бұл ретте, ағымдағы жылдан бастап бағдарлама көбірек бағыттарды қамтиды. Енді сүт-тауар фермаларын, суармалы енгіншілік, көкөніс қоймаларын және құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар тағы 8 бағыт қаржыландырылатын болады. Оның ішінде етті мал шаруашылығы, көкөніс және жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжайлар, балық өсіру және өңдеу, құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлар, жүн мен теріні қоса алғанда, терең өңдеу.

Сондай-ақ, вице-министр "Ауыл аманаты" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты. 2023 жылы 17 мың микрокредит беру үшін 100 млрд.теңге бөлінді, 321 кооператив қаржыландырылды. 2024 жылы Бағдарламаны іске асыруға 80 млрд. теңге бөлінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға