Жаңалықтар

Қазақстанда алкогольге тәуелді 57 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұр

Қазақстанда алкогольге тәуелді 57 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұр
Фото: © Pixabay.com 15.05.2023 10:15 852

Қазақстанда алкогольді ішімдікке тәуелді 57 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұр. Бұл деректер «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Мас күйде жасалған қылмыстар қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Мұндай қылмыстардың үлесіне аса ауыр қылмыстардың шамамен 40%-на және ауыр қылмыстардың 13%-на тиесілі. Олардың ішінде 70%-ы кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Ал, әрбір екіншісі зорлаумен және үшіншісі бұзақылықпен аяқталады. Соңғы 5 жыл ішінде мас қылмыскерлердің қолынан 2 361 адам қайтыс болды, - деп жазылған министрліктің 4 жылдық жоспарға енгізген мәліметінде.

Аталған қылмысты көбіне 23 пен 51 жас аралығындағы жұмссыз адамдар жасайды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың шамамен 70%-і алкогольді асыра пайдалану салдарынан орын алады. Статистикаға сәйкес, мас күйінде қылмыс жасаған әрбір оныншы адам алкогольге тәуелділігі бойынша есепте тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қазіргі таңда наркологиялық есепте 57 мыңнан астам адам тұр», - деп көрсетілген жоспарда.

Мас күйде жасалған қылмыстар Қазақстанның Ақмола, Қостанай мен Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі тіркеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға