Жаңалықтар

Қазақстанда алимент төлеуден қашқан 1618 адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлеуден қашқан 1618 адам іздеуде жүр
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 18.10.2023 09:23 665

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитеті алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты статистикалық деректерін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іздеуде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін. Олардың ішінде ерлер-1476, әйелдер – 142.

Астана – 361, 🔴Алматы – 191, 🔴Ақтөбе – 143, Қостанай – 140, Жамбыл – 140, Павлодар – 108, Алматы – 102, Маңғыстау - 59 облыстарында іздеуге салынғандар.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.🌍

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі: Маңғыстау – 46, Алматы (о) – 45, Қостанай – 44, Шығыс Қазақстан – 43,🔴 Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32,🔴 Ақмола – 26, Солтүстік Қазақстан-21, Астана (қ) – 17 тіркелген.🚪

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды. 4 - бас бостандығынан айырылды, 2 - шартты түрде сотталды, 196 - бас бостандығын шектетілді, 5 - қоғамдық жұмыстарға тартылды.👨‍💻

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

 Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады. 291 886 атқарушылық іс - балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша; 773 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға; 4 506 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын)  күтіп-бағу өндірістері болды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде - тұлғаның тегі, аты - жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып табылатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексере алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға