Қазақстанда алғаш рет Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасын зерттеу орталығы ашылды
Бір балаға 5 кітабы бар кітап бөлмесі, сауаттылықты дамытуға байланысты материалдары бар ойын алаңдары қарастырылуы керек. Бұл туралы американдық ғалым халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17-18 сәуір аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселелері: зерттеу және тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Университеттің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияда Қазақстанның, таяу (Өзбекстан, Ресей, Моңғолия) және алыс (АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Нидерланд, Эстония) шетелдердің ерте және мектепке дейінгі білім беру саласындағы белгілі ғалымдары мен практиктері баяндама жасады.
Шараның ашылу салтанатында QyzPU ректоры Гүлмира Қанай қатысушыларға екі күн бойы тәжірибе алмасуға келгені үшін алғыс білдірді. Университет студенттер арасында ғылыми зерттеу, рефлексия жасау, өз тәжірибесін зерделей алу, сыни ойлау, өзгермелі әлемде тез шешім қабылдау сияқты дағдыларды қалыптастырып жатқанын атап өтті.
Ерте жастағы балаларды дамыту мәселелерін шешуге атсалысу мақсатында алғаш рет QyzPU базасында Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасын зерттеу орталығы ашылды. Орталық ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан өмірге қажетті дағдылар бойынша дамыту және отбасы мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге арналған.
Педагогика ғылымдарының докторы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сайра Жиенбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу онтогенезінің мәселелері: тәсілдері мен шешімдері» тақырыбында баяндама жасап, зерттеуімен бөлісті. Ғалымның айтуынша, ерте жастағы (1 жас) балалардың 18,3%-ы кейбір сөздерді ересек адаммен бірге айтудан және дыбысқа еліктеу арқылы қимыл жасаудан қиналады.
Екі жасар балалардың 17,6%-ы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытпайды; «болады», «болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінбейді, ал 3 жастағы балалардың 14,3%-ында сөйлеу ойын жеткізе алмайды. Ян (2012) аналар әлі туылмаған балалармен сөйлесуі керек, сонымен бірге музыка тыңдатып, құлаққапты асқазанға кию керекдеп санайды. Бала сөзді айта бастағанға дейін кем дегенде 100 рет естуі керек. 3 жасқа дейінгі, әсіресе 1 жасқа дейінгі бала үшін маңызды механикалық емес, бетпе бет сөйлеуді есту қажет. Жапондық зерттеушілер пікірінше, толық отбасыларда тәрбиеленетін және бірнеше ұрпақ бірге тұратын отбасында балалардың қарағанда көрсеткіштері жоғары. Қазір көптеген компьютерлік ойындар мен сөйлеуге еліктейтін түрлі ойыншықтар бар. Алайда баланы нәзік эмоцияларды тануға үйрету интонацияның өзгертіп сөйлеу, тембр, дыбыс деңгейінің қалыптасуы тек бетпе бет адам ғана бола алады, – деді Сайра Жиенбаева.
Сондай-ақ Сайра Жиенбаева А.Н.Леонтьев зерттеуі бойынша сөйлеудің қалыптасуының 4 кезеңіндегі баланың сөйлеу ерекшеліктері мен көріністерін егжей-тегжейлі сипаттады. Ол тәсілдер мен мәселелердің шешу жолдары балалардың сөйлеуін дамытудың жапондық және американдық модельдері арқылы көрсетілді.
Haileybury Almaty халықаралық мектебінің қабылдау бөлімінің басшысы Claire Boyle «Жетістікке жетудің жолдары: Британдық халықаралық мектепте ерте жаста мектепке дейінгі білім беруді зерттеу» тақырыбында сөйледі. Ол өз баяндамасында балалар миының дамуына ерекше назар аударды, өйткені адамның миы 5 жасқа дейін 90%-ға дамиды. Мидың дамуын ынталандыру ересек мидағы нейрондардың сақталуына, эмоционалды дамуына және ересек өмірде оқу қабілетіне үлкен әсер етеді. Сондай-ақ Claire Boyle британдық Ерте жастан дамыту қорының тұжырымдамасына негізделген «Балаларды ерте жастан дамуға арналған оқу бағдарламасын» ұсынды. Бағдарлама «мектепке дайындықты» қамтамасыз ететін, сондай-ақ мектептегі және өмірдегі болашақ прогреске дұрыс негіз қалайтын білім мен дағдыларды үйренуге, игеруге ықпал етеді.
Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) бас маманы, Педагогикалық колледжінің халықаралық білім беруді зерттеу бөлімі директорының орынбасары Nancy Roming бір балаға 5 кітабы бар кітап бөлмесі, сауаттылықты дамытуға байланысты материалдары бар ойын алаңдары қарастырылуы керек екенін айтты.
Баланың сөздік қоры – бұл мәтіндерді ауқымды түрде түсінуге және түсіндіруге арналған паспорты. Өкінішке қарай, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар экономикалық жағдайы жақсы құрдастарына қарағанда сөздік қорын аса дамытпайтын мектептерге барады. Харт пен Рислидің (1995) кішкентай балалар арасында жүргізген зерттеуі үш жасқа қарай 30 миллион сөз айырмашылығы болатынын көрсетті. Бұл алшақтық мектептегі үлгерімге қатты әсер етеді: зерттеулер үш жастағы сөздік қорының байлығы мен 9 және 10 жас аралығындағы лексика, тыңдау, синтаксис және оқуды түсіну бойынша тілдік тест балдары арасындағы аса үлкен корреляцияны көрсетеді, – деді зерттеуші.
Американдық ғалым балаларды ерте жастан оқыту үшін оларға оқу мен жазуды үйретпей тұрып, оның не екенін түсіндіру керектігін айтты.Ал зерттеулерді өмірде пайдалану үшін педагогтар балалармен тығыз қарым-қатынас орнату керек екенін, оқушыларымен эмоционалды байланыс орнатуы керек екенін және оның бәрі орындалуы үшін мұғалімдерге бос уақыт қажет екенін атап өтті.
Шара Қазақстан Республикасының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық мәселелер жөніндегі ұлттық агенттігінің қолдауымен өткізілуде.