Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш өткен IBO олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстанда алғаш өткен IBO олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.07.2024 20:29 748

Астанада Биологиядан ХХХV халықаралық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Бүгін марапаттауға IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова келіп қатысты. Олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым келген. Олар 150-ге жуық марапатқа ие болды. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Олимпиаданың маңыздылығын атап өтті. 

Бұл-дүниежүзіндегі беделді 7 Олимпиаданың бірі. 35 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстан жерінде өтіп жатыр. Біздің ел үшін үлкен жаңалық деуге болады. Өткен Олимпиадаларға 60 елден үміткер келсе, бұл жолы елімізге 80-нен астам елден үміткерлер жиналды. Олимпиада сұрақтарын дайындауда еліміздің жас ғалымдарының атсалысуы - қуантарлық жағдай. Әлемдік қазылар алқасының, комиссияның тарапынан жоғары баға алуы да бүгінгі шараның ерекшелігін танытады. Биология саласында қоржынымызға 35 жыл ішінде 70-тен аса медаль еншіледік. Біз үшін үлкен абырой. Оның ішінде 2 алтын медаль да бар, - деді министр. 

Қазақстанда алғаш өткен IBO олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Фото: Арман Мұхатов

Ғани Бейсембаев осы  көрсеткіштердің арқасында Олимпиаданы қазақ жерінде өткізу 3-4 жыл бұрын шешілгендігін алға тартты. 

Ол Олимпиада жастардың ғылымға, биологияға деген қызығушылығын аңғартады деп отыр. Сондай-ақ әлемдік бәсекеге қабілетті жастардың өсіп келе жатқанына сенім білдірді. 

IBO олимпиадасының біздің оқушылар үшін символдық мәні бар, - деді ол. 

Биыл үздіктердің қатарынан отандастарымыз да көрініп, қола медальді иеленді. Олар - Ғалымжан Бақтыбай, Амина Тынарбай, Нұртөре Төреханұлы, Диас Сүлейменов.

Қуанышым қойныма сыймай тұр! Осындай керемет халықаралық биология олимпиадасынан қола медаль алу - керемет сезім. Менің ойымша, бұл - бес жылдық еңбектің жемісі. ҚР Білім министрлігі мен Дарын орталығына осындай керемет олимпиада ұйымдастырғаны үшін алғысым шексіз, - деп ағынан жарылды 11-сынып оқушысы, қызылордалық Амина Тынарбай.

Мерекелік шараға Адам, Жанар Дұғалова, Калифарния сынды отандық әртістеріміз әннен шашу шашып, үздіктерді жеңістерімен құттықтады. 

Бүгін олимпиаданың жабылу салтанаты керемет деңгейде өткеніне куә болдық. Ұйымдастырушылардың еңбегі зор. Ашылу, жабылу салтанаты да ойымнан шықты. Қазақстанның көркем жерлерін тамашалап, азаматтарының еңбекқорлығына көзіміз жетті. Бізді ерекше ілтипатпен қарсы алғандары - бөлек әңгіме, - деп алғыс білдірді Ресейден келген құрама команданың жетекшісі Галина Белькова. 

Жарысқа қатыстушылар бір апта бойы биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы, физиологиядан екі теория және 4 практикалық турда бәсекеге түсті. 

Тапсырмалардың дені отандық жас биологтар тарапынан дайындалды. Айта кету керек, іс-шара барысында жарысқа қатысушылар мен қонақтар елорданың көрнекті жерлерін аралап, қазақ халқының өмірі мен мәдениетімен танысып қайтқан болатын.

Келесі IBO халықаралық олимпиадасы Филлиппин елінде өтеді.

Айта кетейік, Олимпиада NU базасында өтті. Өйткені университеттегі аудиториялар мен зертханалар Биологиядан халықаралық олимпиада өткізу стандарттары мен талаптарына толығымен сай келеді. Ұйымдастырушылар да осы жағын жоғары бағалаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға