Жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатқаны белгілі болды

Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатқаны белгілі болды
Фото: t.me/KZgovernment 24.06.2024 17:43 1275

Бір аптадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жағдайы сенбі, 22 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 тауар тобына бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда: қарақұмық жармасы – 0,9%, күнбағыс майы – 0,5%, қырыққабат – 0,4%, сиыр еті, тұз және қант – 0,3%, күріш – 0,2%, макарон, сүзбе және ұн – 0,1%. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, баға 8 облыста төмендеген, оның ішінде Ұлытау (0,8%), Ақтөбе (0,6%) және Атырау (0,5%) облыстарында айтарлықтай арзандады. Жалпы, бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі – 0,1%. Бұл көрсеткіш төртінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Бір айда динамика 0,3% құрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын айтты. Үш мегаполис – Астана, Алматы, Шымкент – маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.

Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент – 7,5 мың тоннаға, Алматы – 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалатын болады, – деп мәлімет берді вице-министр.

Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға