Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
03.03.2025 16:40
223
"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 наурызда Қазақстанда қандай ауа райы күтілетіні туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағына Баренц теңізі аудандарынан келген циклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болжанып отыр.
Ауа температурасы:
- Батыс және солтүстік-батыста түнде 0-8 градус аяз,
- Солтүстікте және орталықта 5-15 градус аяз,
- Шығыста 7-18 градус аяз,
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 8 градус аяздан 2 градус жылыға дейін көтеріледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Перизат Қайрат ісіне «Асар Үме» қорының қатысы бар болып шықты