Қазақстанда ағаш терезе мен есік өндірісі ұлғайды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
20.10.2023 04:28
1052
Ұлттық статистика бюросы елімізде ағаш терезе мен есік өндірісі ұлғайғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ағаш терезе мен есіктердің, сондай-ақ олардың жақтаулары мен табалдырықтарының өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4% өсті.
Биылғы жылдың тоғыз айында қазақстандық компаниялар 697,8 мың м2 терезе мен олардың жақтауларын, сондай-ақ есіктерді шығарды (2022 жылы қаңтар-қыркүйек – 574,6 мың м2).
Бөлісу:
