Жаңалықтар

Қазақстанда әділетті қоғам тек Қаңтар оқиғасынан кейін басталған сияқты - саясаттанушы

Қазақстанда әділетті қоғам тек Қаңтар оқиғасынан кейін басталған сияқты -  саясаттанушы
Фото: ©El.kz/Арман Мұқатов 11.01.2024 18:50 1055

Саясаттанушы Зулфухар Гаипов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Егемен Қазақстан” газетіне берген сұхбаты жөнінде пікір білдіріп, соңғы 5 жылда болған президенттің бастамаларына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің бұл сұхбаты 2019-2023 жылдар аралығында болған жағдайларға байланысты халыққа берген есебі болды. Қазір біз әділетті қоғам туралы көп айтамыз. Әділетті қоғам тек Қаңтар оқиғасынан кейін болған сияқты. Естеріңізде болса, президентіміз 2019 жылы өзінің сайлау алды бағдарламасында әділетті қоғам орнату туралы алғаш рет идеясын айтты. Бұл тек Қаңтар оқиғасынан шыққан жоқ. Екіншіден, президент Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде құрылтай отырысында кадр президенттік мәселесін, сонымен бірге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу жөнінде бастама көтерді. Байқасаңыздар, бұрынғы жаңа жылдан биылғы жаңа жыл өзгеше болды. Бұрындары мемлекет басшысы қазақстандықтарды құттықтаған кезде қолына бакал ұстап тұратын, қазір президентіміздің құттықтауынан кейін бірден Әнұрарымыз басталады. Бұл өте жақсы үрдіс болды, - деді ол. 

Саясаттанушы Ұлттық құрылтайдағы мемлекет басшысының бастамаларына да тоқтала кетті. 

Жақында Түркістанға іссапар барысында президент “Адал азамат” деген концепцияны көтерді. Бұл да бұрын-соңды айтылмаған бастама. Ол Адал еңбек, Әділетті қоғам, Адал азамат - осы үш тіркесті қамтыды. Егер азаматтарымыз адал болса, қоғамның алдында, отанның алдында адал болса, ол міндетті түрде әділетті қоғам болады. Ұлттық құндылыққа байланысты президентіміз былай деді: “Жаңа жыл мен үшін өткен жылды қорытындылау және жаңа жылға жоспарлар құру. Мен үшін ең үлкен құндылық ол - наурыз”. Міне, осы жағынан алып қарағанда президент ұлттық құндылықтарға үлкен мән беріп келе жатыр,- деді Зулфухар Гаипов. 

Саясаттанушының сөзінше, Түркістанда өткен құрылтайда президент бірінші рет “обал” деген ұғымды көтерді. Біз обал деген сөзді ұмытып бара жатқанымызды айтты. Расымен кез келген азамат обал дегенді және адалдықты түсініп өссе, әділет пен адалдықты түсініп өссе, президенттің алға қойған мақсаттарының барлығына жетеміз. 

Президенттің “Мен қарапайым халыққа қызмет ететін менеджермін” деген сөзі бар еді. 2022 жылы наурыз айындағы жолдауында “Мен жарқын болашақта осыдан 50 жылдан кейін емес, қазір бақытты өмір сүргенін қалаймын” деді. Осының барлығы президентіміздің ішкі және сыртқы саясаттағы дипломатиялығын көрсетті, - деді ол. 

Зулфухар Гаипов өткен жыл еліміз үшін қиын болса да, мемлекетке 13 миллард доллар инвестиция келгенін және бұл жаңа бастамаларға бағдар екенін айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға