Жаңалықтар

Қазақстанда адам өлтіру қылмысының саны азайған

Қазақстанда адам өлтіру қылмысының саны азайған
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 14.05.2023 18:10 1516

Қазақстанда қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

ҚазАқпараттың жазуынша, Қазақстандағы қылмыстың динамикасына, құрылымына және деңгейіне қатысты қылмыстық-құқықтық статистиканы талдау 5 жыл ішінде (2018-2022 жылдар) елде қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайтудың тұрақты үрдісі сақталғанын көрсетіп отыр. Мәселен, 2018 жылы 292,2 мыңқылмыс тіркелсе, 2022 жылы ол 157,4 мыңға дейін азайған көрінеді. 

Осы кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың саны 1,7 есеге қысқарды (2018 жылғы 242,8 мыңнан 2022 жылы 136,9 мыңға дейін). Қылмыстан зардап шеккен әйелдер саны 116,7 мыңнан 64,1 мыңға дейін, ерлер саны 126,1 мыңнан 72,8 мыңға дейін қысқарды.

Елімізде зорлық-зомбылық қылмыстарының төмендеуі байқалады. Қылмыстық қол сұғушылықтан қаза тапқан адамдардың саны 2546-дан 2358-ге дейін азайды.

Жалпы, талданып отырған кезеңде кісі өлтіру саны 823-тен 520-ға дейін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 2198-ден 1840-қа дейін, зорлау - 3 еседей (1130-дан 386-ға дейін) қысқарды. Пайдакүнемдік-зорлық-зомбылық қылмыстарының, оның ішінде қарақшылық (580-ден 177-ге дейін), тонау (8091-ден 2404-ке дейін) және ұрлық (180,1 мыңнан 58,8 мыңға дейін) саны 3 еседен аса азайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға