Жаңалықтар

Қазақстанда адам ағзаларын саудалау дерегі тіркелді

Қазақстанда адам ағзаларын саудалау дерегі тіркелді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.09.2024 15:24 713

Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді.

Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде органдарды сату бойынша 15 қылмыстық іс, қанау мақсатында адам ұрлау бойынша 2 іс, қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 3 іс, адам саудасы бойынша 15 іс тіркелді,  – деді Көшербаева.

Оның сөзінше, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 12 іс, кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты үш іс, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі жетеу, жезөкшелікпен айналысу және сутенерлік бойынша 77 іс анықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға