Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
29.10.2022 19:27
1885
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер мен ауданаралық емханалар салу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz.
«Қазір «Жайлы мектептер» жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда біз жаңа форматтағы 500-ден астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет оларға бюджеттен 2,6 трлн теңге бөледі. Сондай-ақ 32 ауданаралық емхана ашылады. Қағида өте қарапайым - біз кез келген науқасты осы аудандық емханаға бір сағат ішінде жеткізуіміз керек», - деді Серік Жұманғарин Қостанай облысының жұртшылығымен және бизнес-қоғамдастығымен кездесуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Жұбановтар әлемі» атты кеш өтті
Келесі жаңалық
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты