Жаңалықтар

Қазақстанда 4 мыңнан астам адам қызылша дертін жұқтырған

Қазақстанда 4 мыңнан астам адам қызылша дертін жұқтырған
Фото: elements.envato.com 07.09.2023 17:35 1163

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қыркүйекте қызылша ауруының 4306 жағдайы тіркелді, оның 3581-і немесе 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Эпидемиологтар атап өткендей, инфекциялық ауруды жұқтырудың 70% немесе 3006 жағдайы вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, оның ішінде вакцинациялаудан бас тарту себебінен – 1 714, медициналық қарсы көрсетілімдер – 572, егу жасына жетпеу – 648, өзге себептер – 72. Вакцинациялау мәртебесі белгісіз адамдар 18% немесе 772 жағдайды құрайды.

Осылайша, қызылша ауруының өсуін тіркеудің негізгі себебі - қызылшаға қарсы жоспарлы екпелерді алмау.

Алматыда қызылша ауруының ең жоғары деңгейі (1215 жағдай), Жамбыл облысы (541 жағдай), Алматы облысы (520 жағдай), Шымкент (501 жағдай) және Астана қаласы (314 жағдай).

Қызылша ми қабығының қабынуы (энцефалит – 1-4%), өкпе (пневмония – 1-6%), құлақ (отит - 7-9%) сияқты асқынулармен қауіпті екенін есте ұстаған жөн, ауру өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ.

Қызылша профилактикасының жалғыз сенімді құралы - уақтылы вакцинациялау. Балаларды жоспарлы иммундау 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі.

Вакцинациялау үшін "Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға