Жаңалықтар

Қазақстанда 39 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

Қазақстанда 39 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Фото: ҚР АШМ 25.09.2024 00:20 385

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 24 қыркүйектегі жағдай бойынша 31,6 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 85,3%-ы, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардың 107,6%-ы, 1988,2 мың тонна ақырғы жем, 1304,2 мың тонна сүрлем және 2445,1 млн тонна сабан дайындалды.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде, - делінген мәліметте.

Өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы – 13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен - 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған, - деп қосты министрлік өкілдері.

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға