Жаңалықтар

Қазақстанда 333 ұйым емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді

Қазақстанда 333 ұйым емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді
Фото: El.kz 23.02.2025 12:47 139

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда санаторлық-курорттық қызметпен айналысатын 333 ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының ең көп саны Түркістан облысында орналасқан – 117 ұйым, екінші орында Алматы қаласы – 34 ұйым, үшінші орында Алматы облысы – 22 ұйым.

Барлық емдік-сауықтыру ұйымдарының 287 - шағын кәсіпорындар, 38 - орта кәсіпорындар, 8 - ірі кәсіпорындар.

Меншік түрлері бойынша 86,5% немесе 288 ұйым жеке меншікке, 44 ұйым (13,2%) мемлекеттік меншікке, 1 ұйым шетелдік меншікке жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға