Жаңалықтар

Қазақстанда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті

Қазақстанда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 07.06.2024 05:49 412

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.

Бүгінде біздің орталықтың оқытушылары 1105-тен астам курс өткізді, онда 28 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Әр педагог курстан кейін алған білімдері бойынша бағаланады және оқытудың тиімділігіне талдау жасалады, – дейді «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

Естеріңізге сала кетейік, оқу курстары осы жылдың ақпан айының соңында басталды. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінің 11 мыңнан астам педагогі және 68 мыңнан астам мектеп педагогі оқытуды жоспарлауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға