Қазақстанда 23 кен орны бойынша аукцион өтеді

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
02.07.2024 21:43
783
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы 12 маусымда қатты пайдалы қазбалардың баланстық қорлары бар 23 кен орны бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жариялады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты, Жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері әр сәрсенбі мен жұма сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша «Transport tower» ғимаратының 1 қабатындағы инвесторларға арналған кабинетте аукцион өткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын болады.
Өтінімді d.otkulbaeva@mail.kz электрондық мекенжайға байланыс деректерін қоса отырып қалдыруға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады
Келесі жаңалық
Олжас Бектенов экономиканы дамыту жөнінде кеңес өткізді