Бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала бар.
Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.
Бөлісу:
