Қазақстанда 12 мың адам банкроттыққа өтініш берген

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса және арызы соңғы 12 ай бойы төленбеген болса қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ борышкердің мүлкі болмауы, соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарты болуы тиіс", – делінген хабарламада.
Өтініштер eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арыз 15 жұмыс күнінің ішінде қаралада. Өз арызына кері жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады.
Жалпы, Қазақстанда 12 жарым мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген.
Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.
