Жаңалықтар

Қазақстанда 10 айда 73,5 млн тонна мұнай өндірілген

Қазақстанда 10 айда 73,5 млн тонна мұнай өндірілген
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.11.2024 12:40 74

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ағымдағы жылы елдегі мұнай өндірісі 88,4 млн тонна болады деп болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі жыл соңына дейін өндірілетін болжамды мұнай көлемін айтты.

 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Ал биылғы мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тонна, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, жоспармен салыстырғандағы өндіріс көлемінің төмендеуі Қашаған және Теңіз ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты.

 Өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытынан газ алуға қойылған шектеулер әсер етті. Сондай-ақ, өндіріс көлемінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелер де әсер етіп отыр, – деді министр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға