Жаңалықтар

Қазақстан жас каратэшілері Азия чемпионатында үздік үштікке ілікті

Қазақстан жас каратэшілері Азия чемпионатында үздік үштікке ілікті
Фото: instagram.com/drs_kz 26.08.2024 04:12 401

Манила қаласында (Филиппин) WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аталмыш додаға 30 елден 600 қатысушы бақ сынады.

Біріншілік қорытындысында 4 алтын, 6 күміс, 4 қола еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға қол жеткізді. 

Каратэ отаны Жапония командасы 25 медальмен (16 алтын, 1 күміс, 8 қола) топ жарса, Иран елі (10 алтын, 4 күміс, 9 қола) екінші сатыға орнықты. 

Алғашқы жарыс күні 14-15 жас аралығындағылардан Нуриниса Дайырхан (47 ккг), Перизат Алдаберген (61 кг), Өмірзақ Ақсұлтан (70 кг) күміс, Әсемай Алтынбек (54 кг) пен Мүслима Ерназар (+61 кг) қола медальмен марапатталды. 

Жарыстың соңғы күні 18-20 жас аралығында Даяна Даренская (61 кг) мен Венера Жақсыбаева (68 кг) алтыннан алқа тақса, Асылай Савидова (+68 кг) күміске қол жеткізді. 

16-17 жас аралығында Ергенбай Бейбарыс (68 кг) пен Қадырғали Әлихан (76 кг) чемпион атанса, Әбдіқадыр Мирас (55 кг), Дияна Серғазина (48 кг) күміс, Гүлнұр Қойшыбай (59 кг), Алуа Жұмаділдә (+66 кг) қоланы қанағат тұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға