Жаңалықтар

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты нығайтуға күш салады

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты нығайтуға күш салады
Фото: ҚР СІМ 02.08.2023 19:05 1179

Финляндияның төрағалығымен БҰҰ-ның офисінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша шолу конференциясына Дайындық комитетінің отырысы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, отырыс барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин 2024 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Женевадағы офисінде өтетін келесі сессияның төрағасы болып сайланды. Осы қызметте еліміздің өкілі 2026 жылы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ЯҚТШ жөніндегі шолу конференциясының негізгі комитеттерінің бірін де басқаратан болады.

Төрағаның міндеттеріне ЯҚТШ-ны іске асыру бойынша Шолу конференцияның шешімдеріне ұсыныcтар әзірлеу жөніндегі комитетінің жұмысын үйлестіру кіреді.

Анықтама: ЯҚТШ – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды реттеу саласындағы негізгі халықаралық құқықтық құжаттардың бірі. БҰҰ-ға мүше 190 мемлекет Шартқа қосылды. Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет ретінде 1994 жылдан бері ЯҚТШ қатысушысы болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға