Жаңалықтар

Қазақстан валюта айырбастау ережелерін өзгертті

Қазақстан валюта айырбастау ережелерін өзгертті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 21.02.2025 15:54 270

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар да енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді. Сонымен қатар, басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге.

Сонымен қатар, төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға