Жаңалықтар

Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді

Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді
Фото: ҚР ҰОК 24.04.2025 03:09 113

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

ҰОК мәліметінше, бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.

Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:

Вице-президенттер:

Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;

Шахмұрат Мұтәліп – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;

Данияр Әбілғазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;

Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;

Гаджи Гаджиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.

Спортшылар комиссиясының өкілі:

Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.

Ұлттық федерациялар өкілдері:

Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті;

Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті;

Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы;

Нұрлан Жақыпов – Су спорты түрлері федерациясының президенті;

Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті;

Берік Асылов – Спорттық ату федерациясының президенті;

Құдірет Шамиев – Таэквондо (WTF) федерациясының президенті;

Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті.

Сондай-ақ Бас ассамблея барысында Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының ҰОК құрамына мүшелікке қабылдануы мақұлданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға