Жаңалықтар

Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды

Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды
Фото: ҰОК 18.02.2025 23:18 538

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілген. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандық атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға