Қазақстан ТЖМ авиациясының құрылғанына 20 жыл толды
Бүгін ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев және ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камаловтың қатысуымен компанияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында компанияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін атап өту мақсатында ТЖМ ведомстволық наградалары, сонымен қатар естелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың еңбегін, кәсібилігін және өз ісіне адалдығын мойындаудың символы болып табылады.
Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның 20 жылдық мерейтойына орай «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің командирі Арман Амантайұлы Дәулетбеков наградталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің бортмеханигі Кани Манапұлы Айдаров және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің автомеханигі Владимир Михайлович Юрасов марапатталды.
«ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» авиациясының үздігі» медалімен әуе кемесінің командирі Максат Джамгирбаевич Идигеев, ұшу жарамдылығын жоспарлау және қолдау бөлімінің жетекшісі Айгерим Мураткызы Жармухан наградталды.
Ұшу бөлімшесінің командирі Жалын Жумагазинович Аязбаев, бас инженер Назгүл Жолдасқызы Сыздықова, экономикалық жоспарлау бөлімінің жетекшісі Раушан Ельшибековна Ашимбаева, маман Ерлан Ергалиевич Жапаров, оңтүстік өңірлік басқармасының жұмысшысы Данияр Бекбалович Калмурзаев, қызметтік үй-жайларды жинаушы Улболсын Идаятовна Уразова алғыс хаттармен марапатталды.
Осы екі онжылдықта «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып, адам өмірін құтқару, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және қоршаған ортаны қорғау бойынша маңызды міндеттерді орындап келеді.