Жаңалықтар

Қазақстан түрмелерінде жыл соңына дейін 13 822 бейнекамера орнатылады

Қазақстан түрмелерінде жыл соңына дейін 13 822 бейнекамера орнатылады
Фото: Akorda.kz 30.06.2023 17:30 1214

Президентке "Қылмыстық атқару жүйесіндегі үздіксіз бейнебақылау" жобасы таныстырылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр. Бүгінде 52 мекемеде 22 042 бейнекамера орнатылды. Жыл соңына дейін 26 мекемеде 13 822 бейнекамера орнатылады.

Аталған жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі.

Жүйе іске қосылғалы бері тіркелген құқық бұзушылықтар саны 40%-ға артты, 3 түрмеден қашу әрекетіне және 13 өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін бейнебақылау камераларын істен шығарады. Олар жыл басынан бері 300-ден аса бейнекамераны сындырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға