Жаңалықтар

Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды

Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды
Фото: primeminister.kz 04.10.2024 14:06 497

Биылғы 2 қазанда Ашхабад қаласында премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Атдаевтың төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрікмен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті.

Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы мамыр айында Астанада өткен комиссия отырысы шеңберінде қаралған мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына назар аударылды. Екі елдің мұнай-газ саласындағы жақындасу мүмкіндіктері мен өңіраралық ынтымақтастық мәселелері ерекше атап өтілді.

Ғалымжан Қойшыбаев Комиссия жұмысы, бірінші кезекте, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге мұқият дайындық жүргізуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға