Жаңалықтар

Қазақстан ТМД-дағы ең қымбат ел атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең қымбат ел атанды
Фото: © El.kz 23.08.2023 15:07 748

Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат мемлекеттік бірі атанды. Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей –110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-орында тұр.

Алдыңғы орындарды Бермуд және Кайман аралдары, Сингапур, рейтингтің соңында Пәкістан тұр.

Биыл шілденің қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14%-ға өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі (2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда) 17,2% болды.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (әрқайсысында 0,8%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (әрқайсысында 15,4%), ал ең азы Атырау облысында (11,8%) байқалды.

  • Биыл қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша бағаның ең көп өсімі – Маңғыстау облысында (19,5%), ең азы – Алматы облысында (15,7%).
  • Ай сайынғы динамика бойынша, азық-түлік тауарлары – 0,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, ақылы қызметтер – 1% қымбаттады.
  • Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары – 13,5%, азық-түлік емес тауарлар – 15%, ақылы қызметтер – 13,6% қымбаттады.
  • Қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы – 19%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы — 17,8%, ақылы қызметтердің бағасы 13,9% қымбаттады.
  • Азық-түлік және алкогольсіз сусындар бір жылда 13,3% қымбаттады (бір айда өсім байқалмады).
  • Киім және аяқ киім бір айда – 0,7%, бір жылда – 15,2%, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері бір айда – 1%, бір жылда – 14,9%;
  • Денсаулық сақтау қызметтері бір айда – 1%, бір жылда – 17,5%; демалыс және мәдениет қызметтері бір айда – 3,6%, бір жылда –16%;
  • Білім беру қызметтері бір айда – 0,2%, бір жылда – 13%;
  • Мейрамханалар мен қонақүйлер бір айда – 0,5%, бір жылда – 15,3% қымбаттады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға