Қазақстан теннисшісі халықаралық жарыстың жартылай финалына шықты

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
22.12.2023 05:34
830
Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Анталия (Түркия) ITF ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші молдовалық Илья Снитаримен бірге ширек финалда аустриялық Ян Кобриески – италиялық Федерико Валлемен шеберлік таластырды.
Қазақстандық-молдовалық дуэт 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Дмитрий Попко – Илья Снитари финалға шығу үшін доданың 4-ракеткалары, ресейліктер Дани Голубев – Евгений Тюрневпен таласады. Қазақстандық спортшы жекелей сында да табысты өнер көрсетіп жатыр.
Бөлісу:
