Қазақстан теннисшілері Пәкістаннан басым түсті

Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
02.02.2025 23:14
711
Теннистен Астана қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, жарыстың екінші күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық жұп 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, Денис Евсеев пәкістандық Ахмад Наел Курешиді 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобына қайта оралды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
СҚО-да құтқарушылар ер адамды суға толы шұңқырдан шығарды
Келесі жаңалық
Еліміздегі зейнеткерлердің зейнетақсы өсетін болды