Жаңалықтар

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Сыртқы істер министрлігі 13.03.2024 11:10 510

Қазақстан тарапының тәжік тарапына ресми гуманитарлық көмек тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды.

Өз сөзінде Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тәжікстан Республикасына елдің маңызды энергетикалық нысандарының тұрақты жұмыс істеуі мақсатында 2 млрд 542 млн теңге (шамамен 5,65 млн АҚШ доллары) сомасына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Гуманитарлық көмек «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен жүзеге асырылуда және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі әрі қазақ-тәжік ғасырлық өзара әрекеттесуіне негізделген стратегиялық қатынастардың нышаны болып табылады.

Қазақстан тарапының Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі ақшалай эквивалентте 2006 жылдан бастап 50 млн АҚШ долларынан асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға