Жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастаманы қолдайды

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастаманы қолдайды
Фото: СІМ 05.06.2024 09:33 567

Сыртқы істер министрлігіАҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайды.

Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз.

Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз.

Ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға