Жаңалықтар

Қазақстан тағы бір елмен визасыз қатынауға келісті

Қазақстан тағы бір елмен визасыз қатынауға келісті
Фото: El.kz 19.05.2023 18:12 900

ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Үкіметі мен Вьетнам социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат  Нұртілеуге осы келісімге ҚР Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасында енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға, ал біздің елдің азаматтары ол елге 30 күнге визасыз келе алады. Егер адамдар екінші мемлекет аумағында 30 күннен артық қалуға ниет білдірсе, осы мемлекеттің заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға міндеттеледі.

Құжат 2 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға