Жаңалықтар

Қазақстан сыртқы істер министрі Иордания елшісін қабылдады

Қазақстан сыртқы істер министрі Иордания елшісін қабылдады
Фото: ҚР СІМ 06.02.2025 21:12 128

Премьер‑министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында сұхбаттастар биыл биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға